Мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылғы есеп
1. Жалпы ережелер
Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
"Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Исаковка ауылының жалпы білім беретін мектебі"КММ.
Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Исаковка ауылы, Мектеп көшесі, 20
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Исаковка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2023 жылы "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Исаковка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ - 22 қызмет көрсетті;
* "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген -1 қызмет;
* ЭҮП арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-21 қызмет;
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
2022 жылы "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Исаковка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ - 17 қызмет көрсетті;
* электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-16 қызмет;
* қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-1 қызмет.
Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";
"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою";
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0017.zerenda.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 " Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Исаковка ауылының жалпы білім беретін мектебі "КММ, "Мемлекеттік қызметтер " бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Исаковка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
"Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Исаковка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Исаковка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Исаковка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР ПМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
"Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Исаковка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен 2 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
2024 жылы "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Исаковка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.